Астанада алтын ұрлағандар ұсталды

Астанада полиция алтын ұрлағандардың қолына кісен салды.

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталған.

«Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысты. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды»,  делінген хабарламада.

Қазір күдіктілер қамауда отыр. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Related posts

Бесқарағай ауданының Қарабас ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Назия Жоямергенқызы

Алматыдағы цифрлық арналар және әлеуметтік медиа: Қоғаммен кері байланыс орнатудың тиімді тәсілі

Назия Жоямергенқызы