Алматы облысында комплаенс-офицерлерге арналған семинар-тренинг өтті

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастыруымен комплаенс-мәдениетті дамыту және сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес мәселелеріне, комплаенс-офицерлердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған семинар-тренинг өтті.

Іс-шара аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Асанов Мәлік Назымбекұлы сыбайлас жемқорлық және алаяқтық тәуекелдерді анықтауға бағытталған ISO 37001 халықаралық стандарты туралы айтып, бақылаудың практикалық құралдарымен бөлісті. Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жаттықтырушысы Ақбота Қоңырова мотивация тақырыбын ашып, оның корпоративтік этиканы қолдау және ұйымдардың тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы ұлттық сарапшы және практик, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының мүшесі Айпара Әдібай 2025 жылға дейінгі комплаенс-стратегияны ұсынып, комплаенс-жоспарларды әзірлеу мен тиімді бақылау тетіктерін енгізу бойынша нақты ұсынымдарын ортаға салды.

Семинар барысында комплаенс-офицерлер нақты кейстерді талқылап, практикалық ұсынымдар алды, сондай-ақ болашақта ынтымақтастықты дамыту үшін кәсіби байланыстар орнатты.

Қатысушылар мұндай іс-шаралардың ұйымдардағы айқындық пен этика мәдениетін қалыптастыруда және тиімді комплаенс-менеджмент жүйесін құрудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Related posts

Түркияның Эгей теңізін танымал велосипед жолдарымен зерттеңіз

editor

Емхана есепшісі миллиондап жымқырған

editor

ГОЛОС МИРОВОГО ХОРА ПОДНИМАЕТСЯ ИЗ СТАМБУЛА

ttjk