Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін бес жылға сотталған танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов соттан өздеріне бостандық беруді сұрады. Істі қайта қарау жақын уақытта өтпек.
Былтыр жазда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құру және басқару күдігіне ілініп, олардың үстінен тергеу амалдары басталған. Тергеу барысында олардың қаржы пирамидасының қатысушыларына қаржы тартқанын және қаржы жинау схемасын басқарғаны анықталған болатын. Ал жыл соңында (қараша-желтоқсан) іс сотқа жіберілді. Сот процесінде екі вайнер өздерінің әрекеттерін қаржы пирамидасын құру мен басқару мақсатында емес, өз бизнесін дамыту үшін жүргізілген жоспарлар ретінде қорғауға тырысып баққан. Алайда сот айыпталушыларды «кінәлі» деп танып, оларды 5 жылға қауіпсіздігі минималды колонияға жіберген.
Биыл жыл басында айыпталушылардың адвокаттары сот шешіміне шағым түсіріп, айыпталушылардың жақсы мінез-құлқы мен сотталғаннан кейін жәбірленушілерге толық өтемақы төленгеніне байланысты оларды мерзімінен бұрын босату өтінішімен қайта шыққан. Еске сала кетсек, Қылмыстық кодексте ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адам жазаның үштен бірін өтеп, жақсы тәртібімен танылып, келтірілген шығынды толық өтеген жағдайда жаза жеңілдетілуі мүмкін.