Алимент төлеуден жалтарып жүрген 326 борышкер құмар ойындарға 800 млн теңгеден аса ақша салған

Атырау қаласының прокуратурасы алимент берешігі бар 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғанын анықтаған.

45 борышкерге құмар ойын сайттарына кіруге шектеу қойылды. 11 қаскөй борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

«Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық  (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделгенін ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Атырау облысы прокуратурасының қатаң бақылауында»,  делінген хабарламада.

Related posts

Tips To Keep In Mind While Taking A Long Duration Flight

ttjk

Түркияда шетелдік туристердің шоттарынан ақша ұрлаған ірі алаяқтар тобы ұсталды

17 жыл халықаралық іздеуде болған: Еуропада жасырынған кісі өлтіруге қатысушы 15 жылға сотталды

Назия Жоямергенқызы