Қайырымдылық қорының тең құрылтайшысының мүлкі тәркіленді

ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

 Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынды.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т.б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімі, аяқ киімдер, зергерлік бұйымдар, сөмкелер табылып, тәркіленді.

ҚМА ақпаратында тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылғаны мәлім етілген. ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Related posts

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

ttjk

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

editor

Жаңа Салық кодексі бизнесті теңгерімдеуді және ынталандыруды қамтамасыз етеді

Назия Жоямергенқызы