Жасырын цехтың жұмысы әшкере болды

Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз өндірген жерасты цехының қызметін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер үйде заңсыз бизнес ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстаған.

Тінту кезінде қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке мөлшеріндегі дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар тәркіленді. Шығын шамамен 360 мың теңге болған.

«Жерасты цехы аудан аумағында үш ай бойы жұмыс істеген, ал оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында өнімді заңсыз өткізіп отырған. Осы факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр» делінген таратылған хабарламада. Жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне заңды шешім қабылдау үшін жолданған.

Related posts

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР АФРИКАДА ҚҰДЫҚ ҚАЗДЫ

ttjk

Приглашение акима области Абай Берика Уали на инвестиционный форум «Туған жерге туыңды тік»

Назия Жоямергенқызы

ЗАҢНАМАНЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТАЛДАЙДЫ

Назия Жоямергенқызы