Елордада есірткі қолданатын 971 адам тіркелген

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биыл есірткі қолданатын 971 адам тіркелген. Оның ішінде тәуелді жандар бөлек есепке алынған.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің сөзінше, «Астана – есірткісіз қала» атты 2023-2025 жылдарға арналған жоспарды бекітілген. Оның аясында есірткімен күреске бағытталған 92 іс-шара қарастырылған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы биыл 971 есірткі қолданатын адам тіркелгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға төмен екенін мәлім еткен. Сонымен қатар 279 адам есірткіге тәуелділіктен арылды, яғни емделген және 70 есірткіге тәуелді жан есепке алынған.

Әкім орынбасарының айтуынша, есірткімен күрес бағытында қалада 40 акция ұйымдастырылған. «Профилактикалық іс-шараларға үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары, блогерлер және құқық қорғау органдарының мамандары қатысты. Сол сияқты Zoom платформасында кәсіби психологтардың қатысуымен онлайн тренингтер өтті», дейді ол.

Related posts

Recognised as the “Best New Development Project” at the MAPIC 2023 Awards, Galataport contributes to its neighbourhood Karaköy’s fame as İstanbul’s centre of attraction

Назия Жоямергенқызы

Қаржы тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

editor

Осень открывает возможности для любителей природы в Стамбуле и его окрестностях

Назия Жоямергенқызы