Назарбаев университетінде бөлінген қаржы тиімсіз игерілген

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Назарбаев университетінің жұмысына жүргізілген аудиттің алдын ала қортындысын айтты. Бұл бойынша бірқатар проблема мен кемшілікті анықтағанын мәлімдеді.

Университет әлі күнге дейін бюджет қаражатына тәуелді. Ал оқу орнын дамытудың стратегиялық құжатында университет сыртқы қаражат көздерінің есебінен республикалық бюджет қаржысына тәуелділіктен кету керек болған. «Универсиетке беріліп отырған теңдессіз мәртебе мен салық жеңілдіктеріне, қолдау тетіктеріне қарамастан қаражатының 97 пайызын республикалық бюджеттен алып отыр. Тағы бір кемшілігі – қолданыстағы заңнамада университеттің қаржылық есебін жариялауы қарастырылмаған. Бұл университет жұмысының ашықтығына кедергі келтіреді,», деді Әлихан Смайылов.

Палата басшысының сөзінше, оқу орны мемлекет қаражатын тиімді игеріп отырған жоқ. Аудит қорытындысы бойынша университет 73 млрд теңгені тиімсіз жоспарлап, игергені анықталған. Сондай-ақ жарты миллиард теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі белгілі болып отыр.

Осылай деген Ә.Смайылов университеттің стратегиялық серіктестерінің тізімінде тауарлар мен қызметтер ұсынатын компаниялардың үлесі басым екені анықталғанын жеткізді. Бұл тауарлар мен қызмет жеткізушілерді конкурссыз-ақ, бір көзден сатып алу арқылы іріктеуге жол ашқан. Аудит қорытындысы университет басшылығы мен үкіметке жолданыпты.

 

Related posts

Мәжілісте Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығы талқыланды

ttjk

Иностранные журналисты будут способствовать развитию туризма в Казахстане

ttjk

Жылына 20 мыңнан астам нәресте шала туылады

editor