Temu және Pinduoduo дүкендері Қазақстанда тіркелуі мүмкін

Қазпошта Temu және Pinduoduo компанияларымен Қазақстанда тіркелу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев құлағдар етті.

Оның сөзінше, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Соның аясында министрлік бүкіл маркетплейсті нарықта өнімін сататын компаниялармен теңестіріп жатыр. «Яғни, бұл компаниялардың заң бойынша жауапкершілігі пайда болады. Осыған дейін олар бұл маркетплейстің өнімі емес, өндірушінің тауары деп құтылатын. Ал енді біз оларды Қазақстанда филиалын ашып, тіркелуге мәжбүрлейміз. Тұтынушы алдында әрбір өнімі үшін заңға сәйкес жауап беруін талап етеміз», деді ол Үкіметте өткен брифингте.

Егер маркетплейстер ресми түрде Қазақстанда өкілдігін ашпаса, елге салық бойынша қарыз болады.Вице-министр қазір Қазпошта Temu мен Pinduoduo компанияларымен Қазақстанда тіркелу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді.

Related posts

Кулинарные сцены Измира и Бодрума блестяще вошли в путеводитель MICHELIN 2024 по Стамбулу, Измиру, Бодруму

Назия Жоямергенқызы

PEGAS TOURISTIC SPONSORED THE EXCAVATIONS IN KAZAKHSTAN

Назия Жоямергенқызы

İstanbul Archaeology Museums: Where history becomes alive

Назия Жоямергенқызы