Жоғары оқу орындарының саны әлі де қысқарады

Ғылым және жоғары білім министрлігі жекеменшік жоғары оқу орындарындағы білім сапасына қатысты кемшіліктер анықталғанын мәлім еткен.

Министрлік сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. «Бақылау шараларынан профилактикалық шараларға назар аударылып отыр. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау аясында «таза парақтан» жаңа реттеушілік саясатының тәсілдеріне сәйкес келеді.Тексеруден профилактикалық шараларға өту, тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесін автоматтандыру, тексерулер үшін жоғары оқу орындарының тізімі мен кестесін адамның қатысуынсыз қалыптастыру — министрлікке 2024 жылдан бастап тек проблемалық жоғары оқу орындарына назар аударуға мүмкіндік береді», делінген Жоғары білім және ғылым министрлігінің берген мәліметінде.

Министрліктің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған «таза парақтан реттеу» саясаты аясында «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылған мемлекеттік бақылау тізімінде 13 жоғары оқу орнына қатысты мемлекеттік бақылау өткізілді. Соның нәтижесінде білім беру қызметінде талаптарды бұзу деректері анықталды. Білім беру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ЖОО-ларға қатысты кадрларды даярлаудың 16 бағыты бойынша лицензияға қосымшалардан айыра отырып, әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданбақ.

Related posts

Стамбулдағы ең үздік 53 мейрамхана

ttjk

Наслаждайтесь прекрасными островами Турции в Северном Эгейском море

Назия Жоямергенқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

ttjk