Көлік жүргізу куәлігінен айырылғандар көп

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берілді.Ержан Ведомство басшысы жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалатынын жеткізді. Қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған. Қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеді. Сонымен қатар қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарды.

Министр елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады.Жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артты, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейді. Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артты, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар. Іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталды, олардың 158-і шетелде тұтқындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Related posts

Журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту маңызды

editor

Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

ttjk

Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

Назия Жоямергенқызы