Өрттен қашқан балалар төртінші қабаттан секірген

БҚО Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды.

22 қарашада таңертең Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда №19 үйде өрт шыққан. БҚО ТЖД мәліметінше, 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метр болған. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, жетеуі — бала. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіргені көрінеді, абырой болғанда, оларды төменде  адамдар қағып алған.

Екі бала да ауруханаға жеткізілді.Өрт сағат 9:47-де ауыздықталды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайды. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай бақылауда екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Related posts

The Black Sea highlands of Türkiye offer an unforgettable experience amid the nature  

ttjk

ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАМАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

АҚТАУ: ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

editor