Абзал Сасан: «Спорт мені дамытты»

Қазақ спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты жаңалықтарға құлағы түрік жүретін жанкүйерлердің қарасы артып келеді. Еліміздің намысын қорғап, жас болса да, бас болып жүрген жалынды жастар көп.

Соның бірі — Абзал Сасан. Ол қазір комбат джиу-джитсудан спорт шебері. Сондықтан елдің спорт саласына қатысты өзімен аз-кем сөйлесіп, Барселона қаласында өткен Еуропа чемпионаты туралы әңгіме қозғадық.

— Абзал мырза, бұл спорт түрімен айналысып жүргеніңізге неше уақыт болды?

— Ju Jutsu спорт түрінің басы-қасында жүргеніме үш жылға таяп қалды.

— Өзіңіз Қазақстанның атынан жарыстарға жиі шығып жүрсіз. Жалпы, сіздерге Спорт және туризм министрлігінен белгілі қаражат бөлініп, көмек көрсетіле ме? Құпия болмаса шығындарды кім көтереді?

— Әлбетте,біздің киім-кешегімізге, әр шыққан жарысымызға мемлекеттен қаржы бөлінеді. Былай айтқанда, қалтамыздан артық шығын шығармаймыз. (күліп алды). Мұның өзін мемлекеттің спортқа қаншалықты қолдау көрсететіндігінің нәтижесі деп ойлаймын.

— Ең есте қалған жарысыңыз туралы айтып беріңізші.

— Әр жарыстың өзіндік ерекшелігі бар. Ең есте қалғаны биылғы Испания мемлекетінің Барселона қаласында өткен Еуропа чемпионатында болды. Сол жарыста поляк жігітімен шыққан жекпе-жегім есімде ұзақ сақталары анық. Осы жарыста бұрын соңды алмаған көз жарақатын алдым.

— Алтыныңыз құтты болсын! Жекпе-жектен кейінгі әсеріңіз қандай болды?

— Әрине, өз еліңнің атынан шығу ерекше сезім. Бойымда күш , рух қайнап тұрды. Жарыстың әр күнінде қазақтың күйлері мен әндерін тыңдап жігерлене түстім. Жақындарымның , бапкерімнің тарапынан қолдау көп болды. Сол себепті топты жарып шықтым деп ойлаймын.

— Инстаграмм желісінде он екі мыңға жуық оқырманыңыз бар екен. Оқырман арасында levsha_65 атымен танымалсыз. Бұл аттың мағынасы қандай?

— Жекпе-жекте өзім оң қолға қарағанда, сол қолыммен көп жұмыс жасаймын. Жаттығу залында барлығы “Levsha” яғни солақай деп атап кетуіне байланысты қойылған.

— Болашаққа қандай мақсаттарыңыз бар? Спортты ары қарай алып жүресіз бе?

— Әрине. Спорт мені дамытты. Ал менің мақсатым халқыма пайдам тисе екен деймін. Себебі  спорт — ұлтты дамытудың бір бағыты. Әр ер адам өзінің отбасының жағдайын ойлайды. Мен де әлем чемпионы атанып, отбасымның бір жағына шығыссам деймін. Өскелең ұрпаққа көмек беріп, спорт саласына енді аяқ басқан жастарға демеуші болғым келеді.

— Спортта жетістіктерге жету үшін қандай кеңес берер едіңіз?

— Ең маңыздысы спортта арақашықтық болуы қажет. Уақытылы тамақ ішіп, зиянды заттарды (темекі,ішімдік, т.б) қолданбауға кеңес беремін. Жалпы салауатты өмір салтын әрдайым ұстанып жүрген дұрыс. Өз басым “Аз-аздан , үздіксіз “ деген қағиданы ұстанамын.

Сұхбаттасқан

Зере Сейсенқызы,Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 2-курс студенті.

Related posts

Нижат Рахимов завоевал бронзовую медаль

ttjk

ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

ttjk

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СПОРТТЫҚ ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Назия Жоямергенқызы