Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы энергетикалық сусындарды ішу-ішпеуге қатысты пәтуа шығарып, энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып екіге бөлінетінін атап өткен.

«Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады», деп хабарлады діни басқарма. Алкогольсіз энергетикалық сусындарға тоқталған ҚМБД «кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат» деп отыр. Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс.

 

Related posts

Оқушылар уланған асхана жабылды

editor

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін салтанатты түрде табыстады

editor

Мерекелік дастарханнан салмақ жинамаудың амалдары немесе жаңа жылдық тамақтануға қатысты ТОП 10 «лайф-хак»

ttjk