Елордада экс-премьердің атына көше берілді

Елордада Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев атындағы көше пайда болды. Бұл көше елорданың Есіл ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1100 м. Түркістан көшесінен басталып, Ұлы дала даңғылына дейін барады.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігі, Энергетика министрлігінің өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және көрнекті тұлғаның отбасы мен туған туыстары қатысты. Көшенің ашылуында алғашқы болып сөз алған Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов Нұрлан Балғымбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан орасан зор үлесін атап өтті. Мұнай-газ саласының маманы ретінде жергілікті кадрларды даярлау, заманауи технологияларды енгізу арқылы мұнай-газ кен орындарын барлау, игеру, көптеген кәсіпорын ашу сияқты мұнай саласының өрлеуіне бағытталған қыруар жұмыс атқарғанын тілге тиек етті.

 

Related posts

ҚМА төрағасы Д. Малахов, «Атамекен» ҰКП басшысы Р.Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.Нұров өзара ынтымақтастық туралы келісті

ttjk

59 теміржол вокзалы жөндеу көрмеген

editor

Байқауда бағы жанғандар

editor