Ертең елімізде дабыл жүйесі қосылады

Төтенше жағдайлар министрлігі маңызды мәлімдеме жасады. Ведомство Қазақстанның барлық қаласында  21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті.
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.

Related posts

Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Назия Жоямергенқызы

London Design Biennale 2025: Лондонда 40-тан астам ел қатысқан заманауи өнер мен дизайн көрмесі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

editor