Елнұр Бейсенбаев қайырымдылық қорларға тыйым салудың қажеті жоқтығын жеткізді

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс кулуарында «Біз біргеміз» қайырымдылық қорына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, тергеу аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты екенін білуі керек. Сондай-ақ ол «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының «AMANAT» партиясына қатысы жоқтығын айтты.

«Қордағы қамқоршылар жас волонтер болды. Бұл үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік», дейді депутат. Бұл оқиғаға қарамастан елімізде қайырымдылық қорларына тыйым салудың қажеті жоқ екенін де тілге тиек еткен ол:

«Бірақ олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуінқамтамасыз етуіміз керек. Бұл  саяси мәдениетте ақшаның тазалығын қалыптастырады. Әрине, халықтың аңқаулығын пайдаланып кететіндер жоқ емес. Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Бәрін тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ «Біз біргеміз» қорына ақша жіберген жоқпын. Су тасқыны кезінде біз партияның атынан көмектестік», дейді.

 

Related posts

Қауіпсіздікке қатер төндіретін қауіптер көп

editor

Памуккаленің тарихи курорттары мен емдік дәстүрлері

ttjk

АСТАНАДА PRO.NRG FEST ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы