Биыл жетпіс алты мың отбасы әлеуметтік көмек алды

Табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-тен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек беріледі. Биыл 403 мың адамға осындай атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша,  1 қарашаға дейін 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірдегі жағдайдан шығару.
АӘК-ті алатындар:
табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-тен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады;
табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі.
Биыл АӘК алушылар қатарына енген мектеп жасына дейінгі 126 мың балаға 4,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды.

Related posts

QazaqGaz және “Шеврон” Жалибек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнатты

Назия Жоямергенқызы

Жеке куәлік, вакциналау паспорты және басқа да цифрлы құжаттар Halyk Homebank-те қолжетімді

ttjk

Жас ғалымдар грантқа ие болды

Назия Жоямергенқызы