кімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов нарықты мемлекеттік бақылау кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мәселесінің басым бағыттарын атап өтті.
«Біз азаматтарымызды жалған және қауіпті өнімдерден қорғауға тиіспіз. Сондықтан мемлекеттің реттеушілік функцияларын тиімді күшейтетін және бизнестің жауапкершілігін арттыратын кез жетті. Олар заңнамалық деңгейде де іске асырылуға тиіс. Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, тиісті түзетулерді жедел түрде пысықтасын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мәселені қарау нәтижесінде Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді: • Қаржы министрлігіне тауарлардың электронды каталогын жаппай енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу зертханаларының әлеуетін пайдалану қажет. • Ғылым және жоғары білім министрлігі бизнеспен қарым-қатынас жасау тәсілдерін әзірлеуі керек. • Сондай-ақ биыл өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген техникалық реттеу ақпараттық жүйесінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету тапсырылды. Ол мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық пен халық үшін бірыңғай қол жеткізу нүктесіне айналуы тиіс. Сауда министрлігі осы ақпараттық жүйенің функционалдығын кеңейтуі керек.