Қазақстан Қытайдың жеңіл рельсті пойыздарына тапсырыс берген

Қытайдан Астана LRT желісімен қатынайтын жеңіл рельсті пойыздарды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қала әкімдігі эстакадалық бөліктің құрылысы, станцаларда темірбетон жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Есіл өзені арқылы көпір салынғанын мәлім еткен. Орындалған бетон құю жұмыстарының жалпы көлемі — шамамен 450 мың шаршы метр. Сонымен қатар, бұрғылау-тығыздау қадаларын, тіректерді орнату, құрама арқалықтарды монтаждау және монолитті арқалықтарды құю бойынша жұмыстар толық көлемде орындалыпты.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган Астана LRT желісімен қатынайтын жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Шарт талаптарына сәйкес 19 жылжымалы құрам сатып алынады. Жылжымалы құрамдарды өндіруші ел — ҚХР. Қазір жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Related posts

«Тәуелсіздік – ең асыл құндылық!»: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Назия Жоямергенқызы

Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next бастамасының үшінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

ttjk