Абиба Әбужақыноваға жаңа атақ берілді

Белгілі дзюдошы, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Абиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды. Сүйінші жаңалықты дзюдошы өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында спортшыға құрметті атақ куәлігін  Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов табыстаған.

Абиба Әбужақынова — дзюдодан Қазақстанның танымал спортшысы, 3-ші дан (IJF) иегері, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол 2022 және 2024 жылдары өткен әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Related posts

Жасырын цехтың жұмысы әшкере болды

editor

Еуропаға жаңа тікелей рейс ашылады

editor

Қазақстан Ресейге нота жолдады

editor