Алтыншы ауданның әкімі кім?

Астана қаласындағы жаңа аудан — Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Мақсат Саматұлы тағайындалғанға дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. Ол еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті секілді тағы бірнеше жерде жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды.2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеген.

Related posts

АЛАЯҚТЫҚПЕН СОТТАЛҒАН ШЕНЕУНІК БАСШЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Екібастұздағы жаңа жел электр станциясы 3,4 млрд кВт·сағ «жасыл» энергия өндіреді

Назия Жоямергенқызы

Am Best «Халық-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін растады

ttjk