Қатар әскерилеріне Қазақстан полигондарын пайдалануға рұқсат етіледі

Бүгін Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын  мақұлдады.

Заң жобасының мақсатымен таныстырған депутат Ғалиасқар Сарыбаевтың сөзінше, келісімді ратификациялау екі мемлекетке әскери білім беру, әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени және спорттық іс-шаралар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар келісім бейбітшілікті сақтау операцияларында бірлескен оқу-жаттығулар, консультациялар өткізу мүмкіндігін, екі мемлекеттің әуе кеңістігі мен әскери полигондарын жауынгерлік даярлық және техника транзиті жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде пайдалану мерзімдерін өзара келісуді көздейді.

«Келісім бес жылға жасалды және келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады. Егер тараптардың ешқайсы ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей екіншісіне оның қолданысын ұзартпау ниеті туралы хабарламаған жағдайда», делінген құжаттың баяндамасында.

Related posts

Experience the holy month of Ramadan in the İstanbul style

ttjk

Қазақстанда 5G мобильді байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс

Назия Жоямергенқызы

Стамбұл: Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

ttjk