Харрис халық алдында жеңілгенін айтты

АҚШ президенттігіне демократтар атынан кандидат болған вице-президент Камала Харрис республикашылдар атынан түскен қарсыласы Дональд Трампты  президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, қоңырау шалды.

Екеуара әңгімеде билікті бейбіт жолмен берудің маңызын және барлық америкалық үшін Президенттің  рөлі туралы айтылған. Әңгіме бірнеше минутқа созылған көрінеді.

«Дональд Трамп пен Камала Харрис сәрсенбіде таңертең телефонмен сөйлесті. Харрис Трампты тарихи жеңісімен құттықтады. Президент Трамп вице-президенттің күші, кәсібилігі және табандылығын жоғары бағалады, екі көшбасшы да елдегі бірліктің маңызын мойындады», деп жазылған Трамптың сайлауалды штабының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ Трампқа АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден де қоңырау шалып, сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол өз сөзінде Трамп елді біріктіру үшін жұмыс істеу керек екенін жеткізген. Дәл сол күні Камала Харрис сайлауда жеңілгеннен кейін көпшілік алдында сөз сөйледі. Вашингтондағы Ховард университетінің бас ғимаратының алдына жиналған жақтастарына сөйлеген сөзінде  сайлау нәтижелерін «қабылдаулары керек» екенін жеткізген Харрис Байден әкімшілігі жаңадан сайланған президент Трампқа, оның командасына өтпелі кезеңде көмектесуге дайын екенін мәлімдеген. Сонымен қатар «биліктің бейбіт жолмен берілуін» қамтамасыз етуге уәде беріп отыр.

Related posts

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

ttjk

Түркияның ең әдемі тіршілігі баяу қалалары: Cittaslow

Назия Жоямергенқызы

БҮКІЛ ӘЛЕМДІ ЖАУЛАҒАН ІНДЕТ

ttjk