Саңыраулар қоғамындағы қаржы ұрлығы

Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол «мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті» деп өзінің шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасып жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», делінген антикордың берген мәліметінде.

Related posts

Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесі 33-ші маусымға дайын

ttjk

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды

Назия Жоямергенқызы

Аустриямен шарттық-құқықтық базаны кеңейту кеңесілді

editor