Алимент төлемей жүрген 22 адам сотталды

Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 адам сотталды.Сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды.Олардың барлығы бұдан бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, шарасыздық танытып, халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан.

Сот борышкерлерді ҚК-нің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бойынша оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Биыл алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылып отыр.

«Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған.Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді»,  делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.

Related posts

ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы: «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» (фото)

ttjk

Қазақстанда егінді ақбөкен мен шегірткеден сақтандыру мүмкіндігі қарастырылады

«Шеврон» қолдаған жоба: «Толағай» толағай табыстарға жетті

Назия Жоямергенқызы