Оралда жаппай төбелес болды

Оралдағы жаппай төбелестің видеосы жарияланған. Қолына таяқ ұстаған ер адамдар Шолохов көшесіндегі қалалық жанармай құю бекеті аумағында төбелес ұйымдастырған.

Кадрларға қарағанда, алдымен ер адамдар тобынан екі жігіт қашып шығады, қалғандары артынан қуады. Кейін қуып жеткендердің бірі алдын ала мәлімет бойынша, пневматикалық қару алып, қарсыласын екі рет атады. Кейін олар жерге құлаған жігітті ұра бастайды. Бірнеше соққыдан кейін ол орнынан тұрып, қашып шығады.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірген. Ақпаратқа сәйкес, оқиға түнгі мекемелердің бірінде орын алған.

«Таңғы сағат 5-те түнгі клубқа ер адам келген, бірақ оның мас әрі агрессивті болуына байланысты оны күзетшілер кіргізбеген. Одан кейін ер адам келуші мен күзетшіге пышақ салады. Бір топ адам мен күзет қызметі пышақ ұстаған ер адамды жанармай құю бекетінде ұстап алған, полиция қызметкерлері келгенге дейін оны соққыға жыққан», деп түсіндірген баспасөз қызметі. Қазір осы оқиға бойынша ер адам қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мекеменің күзетшілеріне қатысты бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды, олардың біреуі УҰИ-ға орналастырылды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылған.

Related posts

Олжас Бектенов: Біз азаматтарымызды жалған және қауіпті өнімдерден қорғауға тиіспіз

editor

Орду қаласында ерекше музей бар

Назия Жоямергенқызы

Italy’s Fabulous Five: Planning Your Visit To The Cinque Terre

ttjk