Боранбаевтың компаниясы басқаға өтті

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бұрын кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі тиесілі болған «АзияГаз Чунджа» ЖШС-нің 100 пайыздық қатысумен толық акционері болды.

KASE сайтында жарияланған «Самұрық-Қазына» қорының хатына сәйкес, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын қордың меншігіне беру туралы шешім 30 қыркүйекте қабылданған.

Айта кетейік, былтыр Қайрат Боранбаев «Азия Газ Чунджа» ЖШС-ін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарған болатын. Оның нарықтық құны, Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметі бойынша, шамамен 14 миллиард теңге болады. Компания тауарлық газды тасымалдау және сатумен айналысады.

 

Related posts

İstanbul’s Grand Bazaar hosts almost 40 million visitors in 2022

ttjk

Алматы — Қазақстанның экономикалық драйвері

Назия Жоямергенқызы

Біреу сізді рұқсатсыз видеоға түсірсе, не істеу керек? Заңгерлер кеңесі

Назия Жоямергенқызы