Әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеті анықталды

Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ «Жезді өзенін санациялау» жобасы аясында тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізілген.

Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталып отыр. Бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтқан.

Белгілі болғандай, облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.

«Лауазымды тұлғалардың аталған қылмыстық әрекеттері осы жылдың көктемінде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты.Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді. ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің таратқан хабарламасында.

Related posts

Ұялы оператор қатарлық компанияның иелігіне өтуі мүмкін

editor

Ақмолалық тұрғын алаяқтарға бес банктен 14 млн теңге несие алып берген

editor

Полиция басшылары ұсталды

editor