Итті аяусыз өлтіргендерге үкім шықты

Атырау облысында итті айуандықпен өлтірген екі адамға үкім шықты.

Оқиға биыл маусым айында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында болған. Екі адам көшеде итті ұстап алып, оны бағанаға байлап қойған. Біреуі итке бензин құйып, өртеп жібереді, ал екіншісі темірмен бірнеше рет ұрады. Ит сол жерде өлді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын.

Облыстық соттың баспасөз қызметі айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, оқиға болған жерді тексеру хаттамасы және сараптамалар қорытындысымен дәлелденгенін хабарлады. Олардың бірі кәмелетке толмаған сотталушылар кінәні толық мойындады, істеген ісіне өкініп, жазаны жеңілдетуді сұрады.

«Айыпталушылар ҚК-ның 316-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жеңілдететін мән-жайларды — шын жүректен өкінуді, жастықты және соттылықтың жоқтығын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оларға 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды», делінген облыстық соттың таратқан хабарламасында.

Related posts

Гауһар тастары бар «ойыншықтар» әкелген

editor

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

editor

ДАРЫ ЭГЕЙСКОГО МОРЯ

ttjk