Электрсамокат үшін 130 ата-ана жазаланды

Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады.

Биыл электрсамокат жүргізушілерінің әрекетінен 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық орын алғаны анықталып отыр. Оның ішінде мас күйінде жүргізу — 9 дерек, жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылған.

Министрліктің мәліметінше, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан, электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі. Айталық, биыл 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алған. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 ЖКО болып, 1 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған.

Related posts

Алматыда атыс болды

editor

Travel Guide for Couples To The Most Beautiful Cities in Europe

ttjk

HALYK BANK ҰСТАЗҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

ttjk