Электр энергиясының тарифтері өседі

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының шекті тарифтері өсетіні белгілі болып отыр.

Электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа Энергетика министрі 2024 жылғы 21 қазанда қол қойған. Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық бойынша, электр энергиясының шекті тарифтері өседі:

  • 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) — кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;
  • 2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) — 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
  • 9-топ («Астана-Энергия» АҚ) — 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
  • 12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) — 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
  • 18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) — 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
  • 28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) — 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
  • 39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) — 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
  • 48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сондай-ақ, электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:

  • 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;
  • 57-топтың тарифі 56,63 теңге;
  • 58-топтың тарифі 26,08 теңге;
  • 59-топтың тарифі 22,56 теңге;
  • 60-топтың тарифі 3,07 теңге.

Related posts

Памуккаленің тарихи курорттары мен емдік дәстүрлері

ttjk

КАК ПРАВИЛЬНО ПИСАТЬ О МИГРАЦИИ: МОБИЛЬНЫЙ КУРС ОТ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ КАЗНУ

editor

Стамбул вошел в число «50 лучших мест для путешествий в 2024 году»