Алпыс жыл бұрынғы халықтың арманы орындалды

Шығыс Қазақстан облысында халық 60 жыл армандаған көпір ашылды. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуына премьер-министр Олжас Бектенов қатысқан.

Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлағандай, енді осы көпірдің арқасында халықтың ел ішіндегі және шекаралас елдерге баратын жолдары едеәуір қысқарады. Көпірдің ашылу салтанатына келген Күршім ауданының құрметті азаматы Бақытхан Өлмесеков бұл көпірді ел-жұрт алпыс жыл армандаған дейді.

«2019 жылы осы өңірдің халқы еліміздің Президентіне арыз-тілегін жазған. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тілегіне көңіл бөліп, елдің 60 жыл армандаған көпірін салуға қазынадан қаражат бөлді. Жобада еңбек еткен тек еліміздің азаматтары. Шетелден тартылған бірде-бір маман жоқ. Қаншама кісіге жұмыс табылды. Құрылыс қыстың аязында, жаздың аптап ыстығында да жүргізілді»,  деді Бақытхан Өлмесеков.

Алтай аудандық мәслихатының төрағасы Лариса Гречушникованың айтуынша, көпір жоқ кезде халық жолға бірнеше сағат жұмсап келген. Енді ел игілігі үшін жылдар бойы салынған көпірдің ашылуы жұртты қуанышқа бөлеп отыр.

Премьер-министр Олжас Бектенов Бұқтырма көпірі сияқты ірі жобаларды шетелдік емес, отандық жұмысшылар орындағанын жеткізді.

«Мемлекет басшысы аталған жобаға, жалпы өңірлердің дамуынап үлкен көңіл бөліп келеді. Сіз дұрыс айттыңыз, әрі жұмыс беріп әрі инфрақұрылымдық байланыс пен дамуды қамтамасыз ететін мегажобалар көп болуы керек. Сырттан ешкімді тартпай-ақ, біздің өз құзыретіміз де жеткілікті. Осындай республикалық маңызы бар осындай ірі жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қазір Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет отандық кәсіпкерді, отандық өндірушілерді қолдау саясатын жүргізуде»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Related posts

БҮКІЛ ӘЛЕМДІ ЖАУЛАҒАН ІНДЕТ

ttjk

Боранбаевтың компаниясы басқаға өтті

editor

Еуропаға жаңа тікелей рейс ашылады

editor