Бала-бақшаларда бюджет қаражаты заңсыз талан-таражға салынған

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу деректерін анықтады.

Бюджет қаражаттары жұмысшыларға қосымша сыйлықақы беруде бюджеттік өтінімдерді негізсіз жоғарылату арқылы иемденiлген. Бақылаусыз өзгерістер енгізіліп, оның ішінде басшыларға сыйлықақы беру туралы бұйрықтарға сомаларды асыра көтергені белгілі болып отыр. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырылған.

Сонымен қатар, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Осы қаражаттар ешқандай негізсіз есепшінің немесе бала-бақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған.

«Аудан прокуратураларымен аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 бала-бақша меңгерушілері мен 4 есепшілеріне қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) соталды тергеп-тексеру басталды», делінген хабарламада.

Барлық көрсетілген деректер бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Related posts

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

ttjk

Олжас Бектенов: Байланыс операторларының бағалық сөз байласу мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуін, міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету қажет

Назия Жоямергенқызы

Сот бес баласынан айырылған ананы 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті

editor