Ақ тот жұқтырған хризантемалар кері қайтарылды

Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға кері қайтарылды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттеріне фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында ақ тот жұқтырған хризантеманы (Puccinia horiana) анықтады.

159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді.»Тексеріс нәтижелері қауіпті карантинге жататын нысан екенін растады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды», деп жазылған хабарламада.

Related posts

Келінін балағаттаған ене қамауға алынды

editor

Абай облысында биыл 25 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан

В области Абай почтили уважением старшее поколение