Қорлық көрсеткен күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды

«Немолчи. кз» қорының негізін қалаушы, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Түркістанда күйеуінен көп жыл соққы көрген әйелдің соты аяқталғанын жеткізді.

«Лабор (әйелдің аты-жөні) ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кеше сот тергеуі аяқталып, үкім жарияланды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияда болады. Бірақ сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Ол небәрі 50 жаста», дейді Дина Таңсәрі.

Әйелі мен балалары 30 жылға жуық уақыт мас адамның таяғынан көз ашпаған. Оның қарыздарын өтеп келген. Шымкенттен 35 шақырым жерде бұл отбасының қалай өмір сүріп жатқанын ауылдастары жақсы білген. Лабор 4 баланың анасы және бір баласының денсаулығында кінәраты бар. Оқиға сәуір айында болған. Жылдар бойы күйеуінен қорлық көрген әйел кезекті жанжал кезінде күйеуін өлтіріп қойған.

 

Related posts

PEGAS TOURİSTİK, KAZAKİSTAN’IN KAZI ÇALIŞMALARINA SPONSOR OLDU

Назия Жоямергенқызы

ХVI Международная Жаутыковская олимпиада

Назия Жоямергенқызы

Курултай социальных предпринимателей проходит в Мангистауской и Атырауской областях (видео)

ttjk