Оңтүстік Корея заңсыз жұмыс істеп жүрген отандастарымызды қайтаруды талап етіп отыр

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарына заңды жұмыс істеуге рұқсат беру үшін біздің елімізге үш талап қойып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, министрлік әзірлеген келісімшарт Корея тарапына жіберілген. Қазір ол елде қарастырылып жатыр.

«Бұған қоса биыл жазда Корея президенті келгенде, екі елдің еңбек министрлері тиісті меморандумға қол қойдық. Қазір меморандумға сәйкес, құжаттармен алмасып жатырмыз. Сондай-ақ, біздің вице-министр Асқарбек Ертаев мырза нақты осы жұмыс бойынша Кореяға барып келді. Корея Қазақстанға үш талап қойып отыр. Біріншісі – Кореядағы елшілікте жұмыс бойынша атташе лауазымын енгізу. Екіншісі – Кореяда заңсыз жүрген 15 мыңға жуық Қазақстан азаматын елімізге қайтару. Сол азаматтарды жолын тауып, елдеріңе шақырыңдар деп талап қойып отыр. Үшіншісі –халықаралық сертификат. Қазақстандықтар Кореяға жұмыс істеуге барарда сертификация рәсімінен өтуі керек. Біз үш өңірде жаңа орталықтарды дайындап қойдық. Айта кетері, біз барлық талапты орындадық, енді қазір күту ғана қалды», деді ол Мәжіліс кулуарында.

 

Related posts

Преподаватели стран СНГ — на Иссык-Куле

ttjk

Жетісуда жантүршігерлік жол апаты болды

editor

Түркия әлемдегі ең маңызды 2 үйлену тойын өткізуді сәтті өткізеді

Назия Жоямергенқызы