Бес баланың өлімі: Прокуратура істі бақылауға алды

Қостанай облысының прокуратурасы Жітіқара ауданындағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді.

Еске салсақ, 2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 04:29 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өкінішке қарай, жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты. Бұған дейін хабарланғандай, құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткенше, үй толығымен отқа оранған, шатыры ортасына опырылып түскен.» Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған.  Өкінішке қарай, үйінділердің астынан бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген», делінген Қостанай облысының әкімдігі таратқан хабарламада. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал әкесі түрмеде отыр.

Соталды тергеу басталды, өрттің алдын ала себебі — пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнында облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.Бекбосынов жүр. «Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген Қостанай облысы прокуратурасы берген мәліметте.

Related posts

Начались специальные празднования столетия, организованные Управлением коммуникаций

Назия Жоямергенқызы

Түркия бай еуропалық саяхатшылар үшін мәдени орталыққа айналды

ttjk

“ҚАУІПСІЗ ӨМІР” ЖОБАСЫ

ttjk