Отбасы банктің барлық терминалы жабылады

Отбасы банк келесі жылдан бастап төлем терминалдарын толығымен жабады.

«Келесі жылдың1 қаңтарынан бастап банктің барлық терминалы толығымен жабылады. Неге десеңіздер, Отбасы банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшіп жатыр. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеп жатырмыз», деп хабарлады Отбасы банк.

Терминалдардың жабылуына қарамастан, азаматтар барлық операцияны онлайн орындай алады.Екінші деңгейлі банктердің терминалдары және банкоматтары, мобильді қосымшалары, интернет-банкингі мен Otbasy bank-тің мобильді қосымшасы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелері арқылы депозиттерді толықтырып, кредиттерді өтеуге болады.

Related posts

Өткен жылы Алакөлде 100 мыңнан астам турист демалған

В нескольких областях Казахстана закрыли дороги 4 февраля

ttjk

Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті

Назия Жоямергенқызы