Бес мың гектар алаңды шарпыған табиғи өрт ауыздықталды

Бүгін Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенді.

Желдің екпіні 25 м/с дейін жетіп, өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындады.Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылды.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 200-ге жуық адам, ТЖД, ЖАО 33 бірлік техникасы, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды. Жеті рет жалпы көлемі 14 текше метрден асатын су төгілді. ТЖМ тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Ерлан Дәулетияров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді»,  делінген хабарламада.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жер үсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен сөндірілді. Қазір өрттің нақты ауданы белгіленіп жатыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Related posts

Карс — самый популярный маршрут для туристов

ttjk

ТҮРКИЯДАҒЫ ЕҢ ӘДЕМІ ДАЙВИНГ БАҒЫТТАРЫ

ttjk

«ЭКОЛОИЯ. РАДИАЦИЯ. ЗДОРОВЬЕ»

Назия Жоямергенқызы