Бюджет түсімінде тұрақты өсім бар

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану – ел экономикасын алға жылжытудың бірден бір себебі. Көріп отырғандай, қаражатқа ұқыптылықпен қарайтын әлемнің алпауыт елдерінде бюджет қаражаты ел игілігіне, қоғамның алға жылжуына және экономикалық жетістіктерге жету жолына жұмсалып отыр.

Соңғы жылдары біздің елімізде де ұлт қаражатына ұқыптылықпен қарап, ұтымдылыққа ұмтылып келеміз. Бұл орайда Алматыда жыл сайын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп ерекше бақылауға алынып келеді.

Шаһардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде экономика және қаржы салаларына ерекше назар аударылған Айталық, былтыр 4,3 млрд теңге сомасына бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді. Соның арқасында жекелеген салаларда жақсы нәтижелер бар. Бұдан бөлек, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына жұртшылықты да қатыстыру қолға алынған. Мәселен, былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 397 балалар мен спорт алаңы абаттандырылған. Мұндай балалар мен спорт алаңының ең көбісі Алмалы ауданында — 91, Медеу ауданында — 80, Жетісу ауданында — 56. Алатау ауданында былтыр 45 жаңа спорт алаңы салынып, көпірге жөндеу жүргізілді, 1135 жарық нүктесі жаңғыртылды. Оның арғы жылы да мұнда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 54 жоба іске асырылған екен. Атап айтқанда, аудан тұрғындарының өтінішімен Зерделі шағынауданында «Сирень бағы», Аханов көшесіндегі сквер, Сайын көшесіндегі бақылау алаңы абаттандырылып, Қарасу шағынауданындағы сквердің құрылысы басталды. Аллеялар, алаңдар мен жаяу жүргіншілер көшелерін абаттандырумен бірге, кейбір аумақтағы шамдар ауыстырылып, Үлкен Алматы арнасындағы көпір жөнделді.

Демек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша былтырғы дауыстардың жалпы саны 2022 жылға қарағанда 22%-ға көп. Бұл аудан бюджетін өздері үшін қалай тиімді пайдалану керектігін тұрғындардың таңдауына қарай жүргізілген жұмыстың сұраныста екенін көрсетіп отыр. Жалпы былтыр жергілікті бюджетке 1 647,4 млрд теңге түсім түскен. Оның ішінде жергілікті бюджет кірістері 1 511,4 млрд, республикалық бюджеттен трансферттер 125,8 млрд, бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін түсімдер 6,8 млрд, қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0,56 млрд және бюджеттік несиелерді өтеу 2,87 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ салық түсімдерінен түскен кірістер 1 458,2 млрд теңгеге жетіп, жоспарлы көрсеткішті 313,3 млрд теңгеге асыра орындады. 2022 жылмен салыстырғанда былтыр салық түсімдері 30%-ға өсім көрсеткен. Сондай-ақ былтыр жоспарланған 15,7 млрд теңгенің салықтық емес түсімдері 28,5 млрд теңгеге жетіп, жоспарды 12,8 млрд теңгеге асыра орындады.

Бұл жергілікті бюджеттің кірісі оң сипатта екенін көрсетсе, ал өсім драйвері әдеттегідей шағын және орта бизнеске тиесілі болып отыр. Бұл әкімдіктің бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта мен қолайлы жағдай қалыптастыра білуінің жемісі.

Related posts

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

ttjk

Откройте для себя вечные спа-центры и лечебные традиции Памуккале

ttjk

Мүгедектікті белгілеу бойынша 13,9 мыңнан астам өтінім түскен

ttjk