Жүргізушілер жаппай айыппұл арқалап жатыр

Алматыда жергілікті іс-шара өткізіліп жатыр. Қалада жүргізілген рейдтің бірінші күні 50-ден астам көліктің пленкасы алынды.Тыйым салынған затты пайдаланған жүргізушілерге  ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық талаптарды сақтамау – қайтымсыз салдары бар апаттарға әкелуі әбден мүмкін.

«Жол – қателікті кешірмейді» аксиомасы әсіресе жол қозғалысы ережесін елемейтін азаматтар үшін өзекті. Жол қозғалысына бейқам қатысушыларды анықтау мақсатында полицейлер тұрақты түрде жергілікті жерлерде рейдтер мен мақсатты іс-шаралар өткізеді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге, оның ішінде әйнектерін қараңғылаған көліктерді анықтауға ерекше назар аударылады.

«Тәртіп бұзушы құқық бұзушылықты дереу жоюға міндетті, оның үстінен хаттама толтырылады»,  дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Related posts

В Алматинской области запустили в рейс новых 25 автобусов

ttjk

«ГАЛАТАПОРТ СТАМБҰЛ» ӘЛЕМДІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Золотая осень в Бодруме

Назия Жоямергенқызы