Құтқарушы дала өртінде қаза тапты

Күні кеше Қарағанды облысының аумағында болған дала өртінен 33 жастағы өрт сөндіруші мерт болды.Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өртті сөндірген кезде қаза тапқан. Ақпаратты ресми орган растады.

Төтенше жағдайлар министірлігінің хабарлауынша, 6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.  Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

Айта кетейік, өрт Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында болған. Бұл өрт Павлодар облысының аумағына өткен.

Related posts

В Семее началось строительство индустриального парка по производству чипов и электронных устройств

Назия Жоямергенқызы

Бүгін екі қалада жаңбыр жауады

Назия Жоямергенқызы

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады