Жиырмадан аса оқушы ауруханаға жеткізілді

Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш баллонын шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Оқыс оқиға 3 қазанда облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қызылорда қаласы мектептерінің бірінің оқушысы бұрыш спрейін шашқан. «Қызылорда қаласының орта мектебінде бұрыш спрейін пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады полиция.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында оларға 7-12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскені туралы хабарланды. Олардың барлығы іштің ауыруына, жүрек айнуына, тамақтың қышуына, ауыздың жағымсыз иісіне шағымданған.

«Балалар бізге 3 қазан күні сағат 16-дан бастап келе бастады. Олардың ішінде зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы тұрақты түрде ауыр болды. сондықтан оларға «белгісіз заттармен улану» диагнозы қойылып, токсикология бөліміне жатқызылды. Қалған зардап шеккен балалар медициналық көмек алғаннан кейін мекемеде дәрігерлердің бақылауында қалып, кейін үйлеріне жіберілді»,  деді педиатр  Айдана Байсара.

Бұл оқу жылының басынан бері Қызылорда мектебіндегі екінші оқыс оқиға. Бұған дейін 23 қыркүйекте облыс орталығындағы мектептердің бірінде үзіліс кезінде оқушы бұрыш спрейін шашып, нәтижесінде төрт оқушы зардап шеккен болатын.

Related posts

2025 жылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылды

Победителей областного этапа республиканского конкурса «Еңбек жолы» наградили в Семее

627 әскери қызметші жоғары оқу орындарының білім грантын алды

editor