Жемқорлық жасаған бастық жазадан оңай құтылып кетті

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті «№75 мекеме» бастығының міндетін атқарушы пайдакүнемдік және заңсыз материалдық баю мақсатында пара алған. Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралған.

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті «№75 мекеме» бастығының міндетін атқарушы пайдакүнемдік және заңсыз материалдық баю мақсатында пара берушінің інісін шарушылық жұмыстарына қалдырылған тұлғалардың санатына ауыстырып, тергеу изоляторында қалдыру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібімен келіп түсті, сотталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығына және оның жол берілетіндігіне дау келтірмей, сот отырысында оның зерттеуін талап етпегендіктен сот талқылауы қысқартылған тәртіппен қаралды. Прокурор сотталушыға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, «әділет подполковнигі» арнайы шенінен айыруды сұрады.

Сотталушы кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұраған. «Сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі – жаза мен қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге (параның 30 еселенген сомасы) мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды. Ол «әділет подполковнигі» арнайы шенінен айырылды», делінген соттың берген хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Related posts

«Қызылорда облысында ауылшаруашылығы саласына 9,4 млрд. теңге инвестиция құйылды»

ttjk

10 Spectacular and Scenic Running Trails in France – Paris

ttjk

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЫМ

ttjk