Жалға алушылар жауаптан жалтарып жүр

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жанғалы аудандарында Ресей жалға алған әскери полигондар бар. Жалға алушылардың сынақтан өткізетін зымырандардың бөлшектері осы жерлерге құлайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында Қазақстанның экологиялық заңнамасы бұзылып отыр.

Былтыр қыркүйекте облыстық экология департаменті Бөкейорда және Жанғалы аудандарындағы нысандарда экологиялық заңнама талаптарының сақталуына тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтаған. Заң бұзу фактілері туралы анықтама Ресей тарапына жолдау үшін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне жіберілген.

Араға бір ай салып облыстық Экология департаменті Бөкейорда ауданына қарайтын Бөрлі ауылының тұрғынының өтінішімен зымыранның бөлшектері құлаған орынға тексеріспен барады. Белгілі болғандай, су мен топырақтан алынған сынама зиянды заттардың шекті-рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенін көрсеткен.

Былтыр қарашада Қазақстанның қорғаныс министрлігі тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы талаппен Ресейдің Қорғаныс министрлігіне хат жолдайды. Алайда жалға алушы тараптан жауап келмеген. Ал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың биыл 24 мамырда берген тапсырмасына сәйкес, еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық заңнама талаптарының сақталуы мәселелерін талқылау үшін Ресей тарапының өкілдерімен кездесу ұйымдастыру туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хат жолдаған. Алайда кездесу әлі өтпеген.

 

Related posts

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает незабываемые впечатления на природе

ttjk

Қорғаныс министрінің орынбасары: Сарбаздың сұрағанын бере бермеу қажет

editor

Жыл сайын қатерлі ісікпен ауыратын 36 мыңға жуық науқас анықталады

ttjk