Браконьерлерден жүздеген келі балық тәркіленді

Атырау облысында браконьерлікпен айналысып, заңсыз балық аулағандардан 356 келі балық тәркіленді. Оның 270 келісі — бекіре тұқымдас балық. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Белгілі болғандай, облыста 10 қыркүйектен бері «Бекіре-2024» акциясы өтіп жатыр. Іс-шара 31 қазанға дейін жалғаcады. «Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған құқық бұзушылық бойынша айғақ зат ретінде 2 автокөлік алынып, балық аулауға арналған 21 құрал алынды. Заңсыз ауланған 356 келі, оның ішінде 270 келі бекіре балығы тәркіленді», — делінген хабарламада.

Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша тәркіленген балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.

Related posts

Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

ttjk

Кападокияның аспаны әлемдегі ең керемет әуе шарларымен боялды

ttjk

Шенеунік11 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

editor