Он екі жылдан кейін ұсталған алаяқ

Ақмола облысының прокуратурасы Алматы полициясының көмегімен 13 адамды алдаған алаяқты 12 жыл өткеннен соң барып қолға түсірген.

Р. есімді азамат 2012 жылы маусымда Көкшетау тұрғындарына пәтер алып беремін деп қомақты ақшаларын алып алған. 2012 жылы маусымда күдікті Көкшетау қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсетемін деген сылтауымен халықты алдап, сеніміне кіріп, аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Жасалған қылмыс үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Related posts

Түркітілдес журналистер форумының алғашқы күні Медеу мен Шымбұлақтан басталды

editor

«Газ-ауа қоспасы жарылды»: Кентаудағы дәмханада шыққан өрт бір адамның өмірін қиды

Назия Жоямергенқызы

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

ttjk