Әскери қызметкер өз-өзіне қол салмақ болды

Кеше тәуліктік нарядта қызмет атқару кезінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкер басынан жарақат алған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған. Келісімшарт бойынша әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізілді, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

«Қазір денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланды Өмірге қауіп жоқ. Жаралану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», делінген Шымкент гарнизонының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Ақтауда оқ жарақатынан мерзімді сарбаздың қаза табуына қатысты түсініктеме берген болатын. Айта кетейік, мерзімді сарбаз Маңғыстау полигонында жараланған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, өлім қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан болған.

Related posts

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану және атом саласындағы цифрлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді

Назия Жоямергенқызы

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

editor