Биылғы жылы 186 000 түлек мектеп бітірді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 7-8 мыңға жуық. Жыл сайынғы статистикаға сәйкес 70-80 пайыз бала ҰБТ тапсырады. Еліміздегі ЖОО ны таңдайтындар да шетелдік оқу орнын да таңдайтындар баршылық. Байқағанымыз тіліміз ұқсас болғандықтан да болар, Түркия елін таңдайтындар қазақ тілділер арасында көбірек. Жыл сайын 20 мыңға жуық баладан «түркия бұрсаларына» өтініш келіп түседі екен. 2023 тегі жер сілкінісінен кейін аздап саябырсып қалғанымен де Түркия елі гранттарды көбірек бөліп, өз елдерінде түлектерді шақыруда.
Түркия университеттерінің біздегі оқу орындарынан негізгі артықшылығы – инфраструктурасы дер едім. Таңданарлығы әрбір университет өз алдына қалашық- үлкен кампус болып келеді. Тіпті, әр факультеттің өз ғимараты, лабораториясы, практикалық салоны, медициналық факультеттің өз клиникасы болады екен. Студенттер үшін кітапхана, спорт орталықтары, түрлі клубтар, кафе-ресторандар — бәрі бір кампуста орналасқан. Оқу процесі Болония жүйесінде құрылған. Толығымен студенттің қалай оқығанына, тер төккеніне байланысты. Студент неғұрлым көп оқыса, соғұрлым жетістікке жетеді. Сессияларын тапсыра алмаса, келесі семестр сол курсты қайта оқиды. Ең бастысы білім.
Түркия сапарындағы, Анкарада жүрген уақытымызда ел астанасының оқу ордаларымен де танысуды мақсат еттік. Ел астанасы Анкарада 23 Университет бар екен.
Біздің тоқтағанымыз Башкент Университеті болды, жеке меншік болғанымен халықаралық дәрежедегі үлкен Университет кампусын бір күнде аралап шығу мүмкін болмағандықтан біразын көре кетейік дедік. Ең алдымен әкімшілік бөлімге келдік, жаз айы болғандықтан көбі демалысқа кетіпті. Бізді қарсы алған көмекші қыз кідіртпей Университетпен таныстыруды бастады. Біздер БАҚ өкілі болғандықтан алдымен бұқаралық ақпарат қызметкерлерін даярлайтын бөлімдерін көргіміз келді. Студенттерге оқудан бөлек шығармашылық іс тәжірбие өтетін өз радио толқыны, телевидениясы бар. Ол тек, тәжірбие ғана өтіп қоймай, күніне бірнеше хабарлар тарататын арналарға қосылып тұр. Үлкен студиялар мен техникалық құрал жабыдықтардың барлығы бар. Студенттер алысқа ұзамай өздерінен практикадан өтеді.
Екінші аялдаған жеріміз кітапхана болды, Башкент Университетінің басқа оқу ордаларынан ұтатын жері кітапханасы, кітапхана 4 қабатты, Түркиядағы ең үлкен кітапханалардың бірі, үзіліссіз 24 сағат бойы жұмыс жасайтын кітапханада заманауи құрылғылардың барлығы бар, электронды кітап қорының өзі 300 мыңнан асып тұр. Оқу ордасындағы барлық бөлімдерге арнайы бұрыштар, өз әдебиеттері мен оқулықтары бар.
Кітапханадан шығып, гастрономияға (аспаздық) келдік. Гастронмиядағы сабақтарда практика көп қолданылады екен. Сынып ішінде әр оқушының алдында үстел газбен, сәл жоғарыда үлкен экран тұр. Газға тамақ пісіру барысында, экранға қарап отырып тамақты пісіре береді. Ең үстіңгі қабаты мейрамхана үлгісімен жасалып тұр, бұл жерде студенттер қасық пен шанышқыны қою, дастарханды сәндеу, жалпы мейрамхана дастарханы дизайынын үйренеді екен. Тағы бір бөлімде тәтті шоколадттың исі шығып тұрды. Бізді бастап барған жолбастаушымыз бұл жерде шоколод өндіретінін айтқанда шынымен таң қалдық. Кішігірім зауыт сияқты, Белгия Германия шоколодттарын жасап жатыр. Сыртқы қорабы да өздерінен шығады, Университет ішінен кәдімгідей кішігірім зауыт, асханалар жасап алған барлығы өздерінен шығып жатыр, өз кезегінде біраз адам жұмыспен де қамтылып тұр. Жалпы оқу ордасында 62 кафедра бар. Кейбір кафедрада оқу тілі аралас ағылшын тілінде оқытса, кейбірі таза ағылшын тілінде оқиды.
Университет құрылтайшысы Мехмет Хаберал әлемге танымал профессор трансплантолог хирург. Кездесу белгіленгенімен бүйрек ауыстыру отасында кешке дейін жұмыс жалғасқандықтан кездесу кейінге шегерілді. Бүгінде Университетте 19 мың студент білім алып жатыр. Ақылы негізде 3 мың мен 5 мың АҚШ доллары шамасында. Мамандықтар мен мүмкіндіктерге қарай бағасы әр түрлі.
Аида Кожмамбетова